Ағымдағы жылы екінші наурызда АҚШ үкіметі Ресей Федерациясына қарсы жаңа санкциялар енгізді. Оппозиционер Алексей Навальныйдың улануына байланысты санкциялар жариялады. Бұл АҚШ-тың химиялық қару қолдану мен адам құқықтарын бұзу РФ үшін ауыр зардаптарға душар ететіндігінің айқын белгісі.
7 ресейлік шенеунік санкция тізіміне енгізілді, олар — ФҚҚ директоры, РФ бас прокуроры және басқалары. Сондай-ақ, осы тізімге биологиялық және химиялық улағыш заттарды өндіруге байланысы бар 14 компания кірді.
АҚШ Ресейдің жеке тұлғаларына қатысты салған шектеулер ЕО мен Ұлыбританияның 2020 жылғы күзде РФ-ға енгізген санкциясын қайталаған.
АҚШ үкіметі енгізген санкциялар айтарлықтай қатаң емес және қазіргі таңда Ресей Федерациясының өмірін аса қатты қиындатпайды. Бірақ Ресей үшін бәрі жағымсыз жаққа алып келетін нюанстар бар.
- АҚШ заңы бойынша — 3 айдан кейін Байден әкімшілігі, егер РФ Америка Үкіметінің талабына жауап бермесе, жаңа санкциялар енгізуі тиіс.
Мәскеуге қойылған талаптар мынадай: өзінің химиялық қаруын жоятынын жариялау және халықаралық бақылаушылардың алдында оны жою және Алексей Навальныйды дереу босату.
- Джо Байден Ресейге қатысты Дональд Трампқа қарағанда қатаң қадамдарға баратынын мәлімдеді.
АҚШ үкіметі Ресей Федерациясының өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын шектеуіне қарсы бірігу үшін Еуропалық Одақ пен Ұлыбританиямен тығыз ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеді.
Үш айлық мерзім аяқталғаннан кейін заңға сәйкес америкалық президент санкциялық тізімнен 3 тармақты таңдауға міндетті. Жоғарыда айтылып өткендей, Байден қатаң қадамдарға баруға ниетті. Мысалы, америкалық банктер АҚШ үкіметі оларға федералдық займ облигацияларын иеленуге және оларды қайталама нарықта сатып алуға тыйым салатын жағдайға тап болуы мүмкін.
Мұндай жағдай РФ үшін қауіпті болуы мүмкін. Федералдық займ облигациялары Ресейдің мемлекеттік борышының негізі болып табылады; оларды сату есебінен Ресей қазіргі таңда СOVID-19 салдарынан туындаған бюджет тапшылығын толтыруда.
РФ Қаржы министрлігінің 2021 жылғы 1 тоқсанындағы міндеті — федералдық займ облигацияларын бір триллион рубльге жеткізу. Ресейлік рубльдік қарыздың шамамен 30%-ын дәстүрлі түрде шетелдіктер, оның ішінде америкалық банктер иеленетінін ескеру керек.
Бұдан басқа, шетелдіктер ықтиал салынатын санкцияларға байланысты рубльдік активтерден бас тартуы мүмкін. Мұндай жағдай 2018 және 2019 жылдары орын алған, ол кезде ОФЗ-мен операцияларға қатаң тыйым салынады деп күтілген; мұнай бағасы айтарлықтай жоғары болғанымен, сол сәтте РФ ұлттық валютасы қатты құлдырады.
Ресей үкіметінің Вашингтон қойған талаптарды орындауға келіспеуі ауыр экономикалық дағдарысқа және ресейліктердің одан әрі кедейленуіне алып келуі мүмкін. Мұндай жағдайда бүкіл ел бойынша бұған дейінгілерден де ауқымды митингілердің қайта басталуын күте берсе болады.