Жедел жәрдем медициналық көмекке мұқтаж болған науқасқа жете алмады. Машина тасжолда тоқтап қалған.
1991 жылғы әйелді құтқарушылар арнайы көлікпен жеткізді. Олар қар құрсауын жол талғамайтын көлікпен жүріп өтті.
«Әйел ауыр жағдайда келді, оған алғашқы көмек көрсетілді. Ол тасжолда күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне зембілмен жеткізілді», — делінген ТЖД хабарламасында.
«Жедел жәрдем» әйелді облыстық ауруханаға жеткізіп, ол сол жерде қайтыс болды. Оған инсульт және коронавирус жұқтыру диагнозы қойылған
Сондай-ақ, өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі «жедел жәрдем» шақырылғаннан сәттен бастап 84 минут өткенін айтты. Құтқарушылардың мәліметінше, сағат 10.25-те олар Рыспайға келіп, науқасты 10.53-те жедел жәрдем бригадасына тапсырған.
Жергілікті тұрғындар жолдар уақытылы тазаланса, науқасқа тезірек көмек көрсетуге болатын еді деп санайды.
«Кеше түнде жауған қардан жол жабылып қалды. Соның алдында ғана кешкісін жол тазаланған еді», — деп мәлімдеді Қостанай ауданы Заречный ауылдық округ әкімі Нұрғиса Исмағамбетов.