Қазақстан: өткен тәулікте COVID-19 бен пневмониядан 3 адам көз жұмды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмонияның үш өлім жағдайы тіркелді.

Ведомствоның хабарлауынша, екі науқас коронавирустан, біреуі пневмониядан қайтыс болды.

Өткен тәулікте, 9 наурыз күні коронавирустық инфекцияның 693 жаңа жағдайы тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік! Қазақстанда 1 ақпаннан бастап Ресейде әзірленген «Гам-КОВИД-Вак» («Спутник V») вакцинасымен коронавирусқа қарсы вакцинация басталды.

Добавить комментарий