Біз электр энергиясын қолданбасақта, бәрімізде оның ақысын төлеуге мәжбүрміз. Қазақстанда электр энергиясының тарифтерін арттыру жоспарлануда. Жаңартылатын энергия көздері үшін өсіп келе жатқан үстемеақы, газ және қосалқы бөлшектер тасымалының қымбаттауына байланысты тариф өседі.
ҚР Энергетика министрлігі тиісті бұйрық жобасын дайындады.
«Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 514 бұйрығында көрсетілген бұйрықпен бекітілген электр энергиясына шекті тарифтер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын», — делінген ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтындағы құжатта.
Бұйрық жобасында айтылғандай, ағымдағы жылы электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындар нақты ұлғайған кезде энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органға өзгертілген шекті тарифтерді енгізудің болжамды күніне дейін екі ай бұрын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өндіріске жұмсалатын шығындардың ұлғаюы туралы ақпаратты бір рет ұсынады. 37 энергия өндіруші ұйымнан (ЭӨҰ) шекті тарифтерді арттыруға өтінім түскен. Ақпарат бойынша, министрлікке 37 энергия өндіруші ұйымнан (ЭӨҰ) шекті тарифтерді арттыруға өтінім түскен.
Бекітілген шекті тарифтер өндірушілердің көпшілігінің отынға, жаңартылатын энергия көздеріне, импорттық материалдарға, 2020 жылғы қосалқы бөлшектер мен жабдықтарға, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін қызметтерді сатып алуға (диспетчерлендіру, теңгерімдеу және басқалар) жұмсаған шығындарын өтемейді.
Энергия өндіруші ұйымдар шығындарының өсуіне әсер ететін негізгі факторлар:
- жаңартылатын энергия көздері үшін жыл сайын өсіп келе жатқан үстемеақы;
-
бағамдық ауытқуларға ұшыраған импортталатын материалдар мен қосалқы бөлшектерге (қазандық-турбина, сорғы, күл ұстағыш жабдықтар және т. б.);
Электр энергиясына өзгерген шекті тарифтерді енгізу олар бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.