ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась 9-10 наурызда Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов хабарлады.
ҰҚШҰ бас хатшысының қорғаныс және сыртқы істер министрлерімен, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен кездесуі жоспарланған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Засьті қабылдамақ.
Зайнетдинов атап өткендей, кездесу барысында Зась ҰҚК сессиясының шешімдерін іске асыру аясында жоспарланған іс-шаралар және 2021 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалығы барысында Тәжікстан ұсынған басым бағыттардың орындалуы туралы хабардар етеді.
Орталық Азия өңіріндегі ұжымдық қауіпсіздікке қатысты жағдай, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саясатын үйлестіру мәселелері сөз болады.
«Тараптар алдағы сәуір-мамыр айлары аралығында өтетін жарғылық органдардың кезекті отырыстарына дайындық мәселесін талқылайды», — деп толықтырды баспасөз хатшысы.