Коронавирус: Қазақстанда 11 адам қайтыс болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирустық инфекциядан 11 науқас қайтыс болғанын айтты.

Ведомствоның мәліметінше, КВИ-ден жеті адам, коронавирустық пневмониядан төрт адам қайтыс болды. 8 наурызда 18 838 адам (13 712 КВИ+ және 5 126 КВИ-) емделуде, оның ішінде 4 556 науқас стационарда, 14 282-сі амбулаториялық деңгейде.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде :

ауыр жағдайда — 238 науқас;

аса ауыр дәрежеде — 60;

ӨЖЖ аппаратында — 38.

COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққан науқастар бойынша деректер

6 наурызда 17 ауру, 4 өлім-жітім жағдайы тіркелді, 195 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 1 тамыздан бастап: ауруға шалдыққандар — 49 573, өлім-жітім — 644, барлығы 43 803 адам емделіп шықты.

Добавить комментарий