«Байқоңырға» қаруланған адамдар кірмек болды

Байқоңыр қаласының қауіпсіздік басқармасы атыс қаруымен қаруланған бір топ адамның ұсталғанын хабарлады. «Байқоңыр» кешеніне кірмек болған белгісіз біреулердің жолы кесілді.

Байқоңыр қаласы әкімшілігінің Қауіпсіздік және режим басқармасының ақпараты бойынша, «Байқоңыр» кешеніндегі Ресей ІІМБ кезекші бөліміне «БайконурСвязьИнформ» МУК бейнебақылау бөлімінің технигі 7-ші ықшамауданнан Ақай ауылдық округі маңында қаланың периметрін бейнебақылау жүйесінің мониторингі барысында қару-жараққа ұқсас заттары бар азаматтардың пайда болғанын байқағаннын хабарлады.

Полиция жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, автокөлікті де, видеоға түсіп қалған үш азаматты да ұстады.

Ұсталған азаматтарды жеке тексеру кезінде олардан 4 патрон мен бір тегіс ұңғылы шолақ мылтық табылып, тәркіленді. Автокөліктің жанынан жерден екі қосауыз шолақ мылтық, маркасы белгісіз травматикалық тапанша мен 5 оқ тәркіленді, — деп хабарлады қауіпсіздік және режим басқармасы.

Зерттеу барысында тәркіленген патрондар оқ-дәрілер қатарына жататыны және атуға жарамды екені, сондай-ақ мылтықтардың қолдан жасалған атыс қаруы екені анықталған.

Ресей ІІМБ анықтау бөлімі «Байқоңыр» кешенінде РФ ҚК «Қаруды, оның негізгі бөліктері мен оқ-дәріні заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе өзімен бірге ұстау» бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Аталған бап бойынша 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, деп хабарлады қауіпсіздік және режим басқармасы.

Добавить комментарий