Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

“Қазгидромет” Нұр-Сұлтан мен еліміздің 13 өңірінің тұрғындарына ауа райының күрт нашарлайтыны туралы хабардар етті.

Астаналықтарты жаяу бұрқасын, көктайғақ пен желді ауа райы күтіп тұр.

Қостанай облысында тұман, бұрқасын және көктайғақ болады деп болжанады. Сондай-ақ, өңірде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді.

Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа қарай 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл облысында және Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын және жел 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Ақмола және Павлодар облыстарында жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді.

СҚО-да түнде қар жауады. Сондай-ақ, синоптиктер тұман, бұрқасын және көктайғақ, жел 25 м/с жылдамдықпен соғатыны туралы ескертті.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең көктайғақ күтіледі, 15-20 м/с жел соғады.

Қарағанды облысында тұман, жаяу бұрқасын және күндіз көктайғақ болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

 

Добавить комментарий