Алматыда қайтыс болған адамдардың туыстарының келісімінсіз мүрделері қайта жерленді

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы «Ремизовка» зиратынан 23 қабір «Кеңсай-2» зиратына, туыстарының келісімінсіз және тиісті хабарламасыз қайта жерленгені белгілі болды.

2021 жылдың қаңтар айында 71 жастағы алматылық Хадим Закарин «Ремизовка» зиратындағы ата-анасының басына қабіріне келген, ҰОС ардагері Хамит Мәмбеталиев пен Гүлмаржан Закаринаның ескерткішін де, қоршауын да таппады. Ер адам ұлдарынан полицияға жүгінуді сұрады. Олар марқұмдарды жақын туыстарының келісімінсіз қайта жерледі деп шағымданды.

«Тергеуді бастағанда, зират Алматы әкімінің он жыл бұрынғы қаулысы негізінде жабылғанын білдік. Қаулыда белгісіз қалдықтарды қайта жерлеу туралы айтылған. Ата-анамның қабірлері белгісіз болғанына келіспеймін, себебі оларды туыстары күтіп-баптаған, қабірлерде тиісті жазулар болған. Бұл ата-анамның ескерткішін қорлау», — деп мәлімдеді ол.

Сондай-ақ, ол бұған дейін белгісіз адамдар қайта жерлеуге келісім беруді сұрағанын және ақшалай өтемақы ұсынғанын айтты, бірақ ол бас тартқан.

«Қайта жерлеуге келісімшарт жасалып, онда салт-дәстүрлік қызметтер комбинаты орындаушы болып, тапсырыс беруші ретінде қала әкімдігі емес, жеке меншік ЖШС болғаны белгілі болды. Жұмыстардың өз бетінше жүргізілді ме немесе тапсырыс берушіде әкімдіктің рұқсаты болғанын немесе олардың тапсырмасы болуын анықтау қалды.

Эксгумацияға ішкі істер органдарымен келісім де болған жоқ, ал қайтыс болғандардың туыстары хабардар етілмеді. Көптеген сұрақ туындайды.

ҰОС ардагерінің зиратын осылай қорлайтындай қандай жағдай болуы мүмкін?

«Кеңсай-2″-де бір қоршауда сегіз мүрде жерленген орындар бар. Дәл сол сегіздің екеуі біздің ата-бабамыз екеніне қалай сенеміз?»- деп Закариндер отбасы сұрақ қойды.

Алматы әкімдігінен хабарлағандай, «Ремизовка» зираты 1940-1950 жылдары құрылған және ешқандай құқықтық құжаттары жоқ. 2010 жылдың 27 қазанында санинспекторлардың қорытындысы негізінде зиратты жабу туралы қаулы шықты. Нақты қандай бұзушылық екені хабарланбайды. Болжам бойынша, бұл оның айналасына тұрғын үй нысандарын салуға рұқсат етілуімен байланысты.

Әкімдік қайта жерлеу туралы хабарлағаны анықталды, бірақ бұл 2010 жылы.

«Алматы қаласының мамандандырылған салттық қызмет көрсету комбинатына» осы қаулыны орындау жөнінде тапсырма берілді. Арнайы комбинат бұқаралық ақпарат құралдарына («Вечерний Алматы» газеті) «Ремизовка» зиратында қаза тапқандардың қалдықтарын қайта жерлеу туралы хабарландыру берді.

Нәтижесінде қайтыс болған 16 адамның туыстары жауап берді, олардың келісімімен денесі басқа зираттарға қайта жерленді. «Алматы қаласының мамандандырылған салттық қызмет комбинаты» ЖШС-нің 10 жылдық күту мерзімі аяқталғаннан кейін 2020 жылғы ақпан айында зиратты жабу жұмыстары аяқталып, қайтыс болған 23 сүйегін қайта жерлеу жұмыстары жүргізілді», — деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі.

Онда сондай-ақ бұрынғы зират орнына заң бойынша шектеу қойылғаны хабарланды: тек қана жасыл желек егу және саябақ салу.

Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылы “Ремизовка” зиратын бұзу туралы ақпарат алматылықтар арасында резонанс тудырды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бейіттерді Азиадаға дайындығына байланысты көшірілген. Жер тіпті сатылымға шығарылды. Сол кезде де зиратта жерленгендердің туыстары әкімдік осы әрекеттерімен қайтыс болғандар ескерткішін қорлап жатақанын айтқан.

Добавить комментарий