90 елдің азаматы Қазақстанға визасыз келе алады

Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізілетін елдер тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді.

«2021 жылы визасыз елдердің тізімін 90-ға дейін кеңейту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, электронды виза алу процесін жеңілдету үшін шетелдіктерге визасыз режим ұсынысы дайындалуда. Бұдан басқа, біз 160 қонақ үйге пилоттық режимде E-Qonaq ақпараттық жүйесін енгізуді аяқтадық, енді осы жүйенің арқасында кез келген шетелдік туристерге бөлек тіркелудің қажеті жоқ. Мұның бәрі азамат қонақ үйге орналасқаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады», — деді Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде.

Ол 2020 жылы осы тізім 74 елге дейін кеңейтілгенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстанда 105 мемлекеттің азаматтары үшін электронды виза енгізілді.

«Пилоттық режимде Қытай мен Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз транзит енгізілді. 30 күнге дейін шетелдіктерді тіркеу тоқтатылды. Көші-қон карталары да алынып тасталды. Шекарадағы өткізу пункттерін модернизациялау басталды. Сондай-ақ, шетелдік авиакомпанияларды еліміздің 11 қаласына келіп, жолаушыларды қабылдай алатындай етіп іске қосуды бастадық», — деп толықтырды Әбдірахымов.

Добавить комментарий