9-шы қабаттан секірген әйелдің өлім алдындағы хаты табылды

Үш кішкентай баласымен бірге терезеден секірген әйелдің неге суицид жасағаны белгілі болды.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған жайттың алдын ала себебі анықталды — бұл отбасылық-тұрмыстық қатынас негізде жұбайымен болған жанжал.

«Өлер алдында хат қалдырған», — деп хабарлайды Алматы ПД баспасөз қызметі.

Ведомствода өзге жайттар анықталатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 22 қарашада Алматыдағы Жетісу ықшам ауданында үш баласы бар (2015, 2016 және 2019 жылдары туған) әйел тоғызыншы қабаттан секірді.

Әйел мен оның екі баласы оқиға орнында қаза тапты. Үлкен баласы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Қалалық ПД-де жедел-тергеу тобы құрылды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша СДБТ-ға тіркелді.

Добавить комментарий