9 мамыр: Алматыда өтетін мерекелік іс-шаралар

Алматыда 9 мамыр қарсаңында қаланың әр ауданында концерттік бағдарламалар өтеді, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, гүлшоқтарын қою, әскери техника көрмелері өтеді деп жоспарлануда. Әскери-дала асханасы болады.

6 мамыр күні сағат 11.00-де Алатау ауданы әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда аудан ардагерлері мен жастардың қатысуымен «Ер есімі-ел есінде» ескерткішіне гүлшоқтарын қою рәсімі өтеді.

7 мамырда сағат 12.00-де «Бақшасарай» залында Бостандық ауданының әкімдігі мерекеге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырады.

8 мамыр күні сағат 11.00-де «Гүлдер» саябағында Жетісу ауданы әкімдігі дайындаған концерт өтеді.

9 мамыр күні сағат 10.00-де Наурызбай ауданы әкімдігі ғимаратының алдында «Ерлік ізі өшпеді» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады.

9 мамырда сағат 11.00-де Ә. Молдағұлова мен М. Мәметова  атындағы скверде Алмалы ауданының әкімдігінің 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған концерті өтеді.

Дәл осы уақытта 9 мамырда Family Park демалыс саябағында Жеңістің 77 жылдығына арналған тағы бір концерт болады.

9 мамыр күні сағат 11.00-де С. Сейфуллин атындағы саябақта Түрксіб ауданының тұрғындары үшін концерт ұсынылады.

9 мамыр күні сағат 14.00-де Медеу ауданының аппараты 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта концерт ұйымдастырады.

Добавить комментарий