Сәрсенбі күні доллардың ресми бағамы 429,41 теңгеге тең болады. Айта кетейік, 7 маусымда АҚШ валютасының ресми бағамы 431,88 теңге болған.
8 маусымдағы ресейлік рубльдің ресми бағамы 7,04 теңгені құрайды.
Қазіргі таңда Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 431,40 теңге, сату бағамы 435,35 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 430,14 теңгеден сатып алады, 432,29 теңгеден сатады.