78 жасқа қараған шағында «Асса» фильмінің режиссері Сергей Соловьев қайтыс болды

«Асса», «Нежный возраст», «Черная роза эмблема печали, красная роза — эмблема любви» сынды картиналарымен танымал атақты кеңестік және ресейлік режиссер, сценарист және кинопродюсер Сергей Соловьев қайтыс болды.

Ол бүгін, 2021 жылғы 13 желтоқсанда, дүйсенбі күні 77 жасында қайтыс болды.

Режиссердің неден қайтыс болғаны әзірге хабарланбады.

Режиссер 20-ға жуық фильм түсірген, оның ішінде «Станционный смотритель» (1972 год), «Сто дней после детства» (1975 год), «Чужая белая и рябой» (1986 год), «Асса» (1987), «Чёрная роза – эмблема печали, красная роза – эмблема любви».

Белгілі болғандай, Сергей Соловьев «Чужая белая и рябой» фильміндегі кейбір сахналарды Қазақстанда — Ақтөбе қаласында түсірген. Бұл фильм режиссерге Венеция кинофестивалінде «арнайы жүлде» санатында жеңіс әкелді.

1981 және 1987 жылдары режиссер Венеция кинофестивалінің қазылар алқасына болды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, РФ Халық әртісі атағын алды (1993 жыл).

Добавить комментарий