7 жылға бас бостандығынан айырылды: әскердегі сыбайлас жемқорлық бойынша үкім шығарылды

Қазақстанның қорғаныс кәсіпорындарының бірінің қызметкерлері әскери бөлімдерге танктерге арналған ескі қозғалтқыштарды жеткізді.

1 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырған шенеунік жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Шығыс Қазақстан облысында «Семей машина жасау зауыты» АҚ лауазымды тұлғалары 1 млрд теңгеден астам қаржыны ұрлады, деп хабарлайды ҚР Қаржы мониторингі агенттігі.

«Ұрлық қосалқы бөлшектердің құнын асыра бағалау және еліміздің әртүрлі әскери бөлімдерін пайдаланылған танк қозғалтқыштарымен, сондай-ақ танк құлаққаптарымен қамтамасыз ету арқылы жасалған», — делінген хабарламада.

Тергеу барысында зауыт бас директорының бірінші орынбасары Сүлейменов Қ.Р. танктерге арналған жаңа қозғалтқыштардың орнына әдейі ол 1985 — 2012 жылдары шығарылған қозғалтқыштарды жеткізуді ұйымдастырды.

Семей қаласы сотының үкімімен Қ.Сулейменов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Добавить комментарий