6 адам қаза болған «Абай» шахтасындағы жұмыстар тоқтатылды

Жарылыс болған «Абай» шахтасында жұмыстар уақытша тоқтатылды. Компания басшылығы қайғылы оқиғаның себебін айтпады.

«АрселорМиттал» АҚ-ның ТМД елдері бойынша бас директоры қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наир мәлімдеді.

Ол қайғылы оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатқанын және әзірге компания тергеу барысына қатысты түсініктеме бере алмайтынын атап өтті.

«Қазір «АрселорМиттал» компаниясының барлық қызметкерлеріне қолдау қажет. Біз барлық қызметкерлерге қажетті көмек пен қолдау көрсетеміз. Бүгінде «Абай» шахтасында тау-кен қазбалары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ, қазір жарылыс болған салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Биджу Наир.

Добавить комментарий