«5G-таратқыш» туралы жалған бейнеролик

Желіде 5G мұнараларының қауіптілігі, атап айтқанда оларда пайдаланылатын COV-19 жазуымен таңбаланған таратқыш туралы баяндалатын бейне белсенді түрде таралып жатыр.

Ролик авторы коронавирустық инфекцияның 5G-сигналдар арқылы таралуы туралы теорияны дәлелдейді дейді.

Вирустық бейненің кейіпкері камераға COV-19 жазуы анық көрінетін тақтаны көрсетеді. Ол дәл осы құрылғы 5G сигналдарын, ал онымен бірге COVID-19 таратады деп сендіреді.

Алайда, тақтада өндірушінің басқа да жазбалары көрінеді. Оларға қарағанда, бөлшекті Тайвандағы Hannstar фабрикасында жасаған. Компания телевизиялық жабдықтар мен дисплейлер шығарумен айналысады және телефония мен интернетке байланысты жабдықтарды шығармайды.

Сондай-ақ, бейнебаянда автор көрсететін бөлшектің теледидар мен басқа да бейне құрылғылар, мысалы, бейнемагнитофон немесе DVD ойнатқыш арасында қосылу үшін пайдаланылатын SCART-коннекторы бар екенін байқауға болады. Қазір коннекторлардың мұндай түрлері ескірген болып саналады. Олардың орнына HDMI-порттар барлық жерде пайдаланылады.

Бұл өте ескі теледидар тіркемесінің бөлшегі, ол ешқашан COV-19 мөртабасы бар ешқандай компоненттерді қамтымаған. Оның мобильді интернет желілеріне де, 5G қолдануына ешқандай қатысы жоқ , — деп хабарлады Virgin Media компаниясының өкілі Саймон Дорнан Associated Press хатында.

5G желілерінің қауіптілігі туралы ролик авторының басқа да пікірлерінің ешқандай негізі жоқ. Тұтастай алғанда, инновациялық әдістің жұмыс істеу қағидаты 3G және 4G желілерінің қалай жұмыс істейтінінен айырмашылығы жоқ. Айырмашылығы — жаңа формат неғұрлым жоғары өткізу қабілетін қамтамасыз етеді. Алғашқы базалық станция 2015 жылы Барселонада іске қосылды. 2016 жылы бұл технологияны Ресейде алғаш рет сынақтан өткізді. Сол кезде ол деректерді беру жылдамдығын 4,5 Гбит/сек қамтамасыз етті. Айта кету керек, сигналдың әрекет ету радиусында құстардың, жануарлардың немесе жәндіктердің жаппай өлімі фактілері тіркелген жоқ. Сондай-ақ, адамдардың тыныс алу проблемаларына, бас ауруларына және басқа да ауытқуларға шағымданбаған.

ДДҰ сайтында 5G желілері мен COVID-19 байланысы жоққа шығарылды.

Вирустар радиосигналмен немесе ұялы байланыс толқындарымен тасымалданбайды.

Вирустар радиосигналмен немесе ұялы байланыс толқындарымен тасымалданбайды. COVID-19 індеті 5G желісі орнатылмаған көптеген елдерде таралуда, — делінген ұйымның ресми интернет-порталында.

Добавить комментарий