Қазақстандықтардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін биометриялық деректер іріктелетін болады. Оларды жинау және өңдеу жазбаша келісімдер негізінде жүргізілуі тиіс деп хабарлайды. Бұл рәсім қаншалықты ерікті болатыны айтылмады.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі өзінің 2020 жылғы 27 қазандағы бұйрығымен мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде оларды биометриялық аутентификациялау үшін жеке тұлғалардың биометриялық деректерін жинау, өңдеу және сақтау қағидаларын бекітті.
Мысалы, биометрикалық деректерді жинау және өңдеу алдында мемлекеттік корпорация қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіруді жүргізеді және биометрикалық деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға оның жазбаша келісімін алады.
Бұл ретте жүгінген адамға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оның биометриялық деректерін пайдалану шарттары мен негіздері түсіндіріледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде аутентификациялау үшін биометриялық деректерді жинау және өңдеу 18 жасқа толған жеке тұлғаларда ерікті негізде жүргізіледі.
Әрекетке қабілетсіздігі (әрекет қабілеттілігі шектеулі) сот белгілеген жеке тұлғадан биометрикалық деректерді жинау және өңдеу оның қорғаншысының (қамқоршысының) қатысуымен және жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі.
Биометрикалық деректерді жинау процесі дактилоскопиялық сканерде барлық саусақтарды сканерлеу арқылы бояусыз әдіспен жүзеге асырылады, — делінген құжатта.
Адамның қол саусақтарының жекелеген тырнақ фалангаларында ашық жарақаттар мен олардың жиналуын уақытша болдырмайтын, сондай-ақ деформацияланған буындары бар өзге де зақымданулар болған кезде биометриялық деректерді жинау зақымданбаған немесе кем деформацияланған саусақтар бойынша жүргізіледі.
Биометрикалық параметрлерді жинау рәсімдерінен бұрын өткен жеке тұлғалар, егер биометрикалық деректерді жинаудан өткен адам алынған тырнақ фаланг папиллярлық өрнектерінің (мысалы, тері аурулары, едәуір жарақаттар салдарынан тыртықтар, жарақаттар) қайтымсыз зақымдануына байланысты биометриялық деректер базасы бойынша танылмаса, оның жазбаша келісімімен қайта жинау рәсімінен өтеді.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мұндай тұлғаның биометриялық деректерін жаңа деректермен алмастырады, бұл ретте алдыңғы деректер биометриялық деректер базасында мұрағатталады.
Биометрикалық деректерді жинауға және өңдеуге дактилоскопиялау мүмкіндігін болдырмайтын келесі физикалық кемшіліктері бар адамдар жатпайды:
- екі қолында да барлық саусақтарының болмауы;
- екі қолдың барлық саусақтарының тырнақ фалангаларында папиллярлық өрнектердің болмауы.
Биометрикалық деректерді жинаудан өткен жеке тұлға немесе заңды өкілден, сот әрекетке қабілетсіздігін анықтаған жеке тұлғаның қамқоршысы өтініш алған күні Базадан өзінің биометрикалық деректерін жоюға ниет білдіргені туралы өтінішпен жүгінген кезде жойылады.
Базадан өзінің биометрикалық деректерін жоюға ниет білдіру туралы өтініш мемлекеттік корпорацияның облыстар және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша филиалдарының кез келген қалалық (аудандық) халыққа қызмет көрсету бөліміне беріледі.
Бұл ретте мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, оның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды биометриялық аутентификациялау үшін жеке тұлғалардың биометриялық деректерін жинауды, өңдеуді және сақтауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Биометриялық деректерді сақтау және беру «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары» ҚР стандартына сәйкес қауіпсіздіктің үшінші деңгейінен төмен емес параметрлері бар ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады. Жалпы техникалық талаптар”.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (3 қараша).