500 миллион WhatsApp қолданушыларының деректері желіге тарап кетті

Хакерлер WhatsApp қолданушыларының 500 миллион нақты нөмірлерінің дерекқорын сатып жатыр.

16 қарашада танымал хакерлер форумы 487 миллион мобильді нөмірі бар мессенджер қолданушыларының дерекқорын сатылып жатқаны туралы хабарланды. Деректер жиынтығында 84 елдегі WhatsApp пайдаланушыларының деректері бар.

Телефон нөмірлерінің басым бөлігі Мысыр (45 миллион), Италия (35 миллион), Сауд Арабиясы (29 миллион), Франция (20 миллион) және Түркия (20 миллион) азаматтарына тиесілі. Тізімде Қазақстандық пайдаланушылар да бар — олардың саны 3 миллион 214 мың 990.

Cybernews-тың сұрауы бойынша дерекқордың сатушысы 1097 британдық және 817 америкалық пайдаланушы нөмірлерінің үлгісімен бөлісті. Басылым олардың барлығы шын мәнінде WhatsApp пайдаланушылар екенін растайды.

Сатушы дерекқорды қалай алғанын нақты айтпады, ол деректерді жинау үшін «өз стратегиясын пайдаланғанын» айтып, барлық нөмірлер WhatsApp-тың белсенді пайдаланушыларына тиесілі екеніне сендірді.

Добавить комментарий