50 жастағы велосипедшіні жүк көлігі қағып кетті

Шымкентте жүк көлігі велосипедпен слқтығысып, елу жасар әйел қаза тапты.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«12 қыркүйекте жүк көлігінің жүргізушісі Тәуке хан даңғылы бойында 50 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы велосипедпен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан азаматша оқиға орнында көз жұмды», — делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жайт полицейлермен ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі «көлік құралын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» тіркелді.

Добавить комментарий