Павлодарда мас әйел бесінші қабаттағы балконнан құлап кетті
Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жетінші маусым күні сағат 07:10-да Толстой көшесіндегі бесінші қабатта орналасқан пәтерінің балконынан мас күйінде болған 47 жастағы әйел құлап кетті», — делінген хабарламада.
Зардап шеккен адам алған жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.
«Әйел жансақтау бөліміне жеткізілді, бірақ оның жағдайы ауыр», — деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.