Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустық инфекция мен ауруханадан тыс пневмония ауруы салдарынан бес адам қайтыс болған. Оның ішінде төрт адам — коронавирустан және бір адам — пневмониядан.
Қазіргі таңда коронавирустық инфекциядан 3 094 адам емделуде, олардың ішінде 70 бала бар. Стационарларда — 1 898 науқас, амбулаториялық деңгейде — 1 196 науқас бар.
87 адам ауыр жағдайда, 13 адам аса ауыр дәрежеде, 15 адам ӨЖЖ аппараттарына қосылған, — деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.