Алматы облысында жантүршігерлік қылмыс жасалды. Жергілікті полицияның мәліметінше, 40 жастағы ер адам мас күйде өгей әкесі мен анасын ұрып өлтірген.
Аталған дерек Алакөл ауданында тіркелді. 25 сәуірге 26 сәуірге қараған түні 62 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер егде жастағы науқасты қатты соққыға жығылып, дене жарақатынан қайтыс болғанын айтты. Егде жастағы әйел келесі күні қайтыс болды.
Аудандық полиция қызметкерлері марқұмның өліміне қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ұлын ұстады.
Күдікті мас күйінде өгей әкесі мен туған анасын ұрып өлтіргені анықталды. Әйел ауыр халде ауруханаға түсіп, дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан қайтыс болды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша тергеу ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша жүргізілуде.
Полиция ұсталған ер адамның ұсақ құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет жауапкершілікке тартылғанын айтты.