KASE 2021 жылғы 4 ақпан күні сағат 17:00-де 1 долллар 421,98 теңгені құрағанын көрсетті.
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметі бойынша, сауда-саттықта ең төменгі бағам бір АҚШ доллары үшін 421,43 теңге деңгейінде тұр, ең жоғары — 423 теңге, жабылу бағамы — 422,04 теңге. АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 131 млн 998 мың долларды құрады.
Валютамен операциялар бойынша мәмілелер саны — 368. АҚШ валютасының орташа алынған бағамы сағат 15:30-дағы жағдай бойынша 421,99 теңге деңгейінде тұр. kurs.kz мәліметінше, елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы 17:00-дегі жағдай бойынша — 423 теңгені, Алматыда — 424 теңгені құрады.
Ұлттық банктің ресми бағамы 4 ақпанда 1 АҚШ доллары үшін 423,59 теңгені құрады. 5 ақпанда ресми бағамды белгілеудің қолданыстағы тәртібіне сүйене отырып, ол 1 доллар үшін 421,99 теңгені құрайтын болады.