3600 адам Украина ҰҚҚК-ның санкциясына ұшырады

Украинаның Ұлттық қауіпсіздік қызметі 3,6 мың адамға, соның ішінде ел азаматтарына қарсы санкциялар енгізгенін хабарлады.

Хабарланғандай, қара тізімге Украинадағы соғыс басталуына қатысы бар немесе оған қарсылық білдірмеген адамдар енген.

Жұма, 30 қыркүйек күні ҰҚҚК-ның отырысында РФ-ның Украинаға басып кіруіне байланысты жеке және заңды тұлғаларға қарсы санкциялар қабылданды. Экономика министрлігі санкцияға нақты кім іліккенін хабарлады.

3600-ден астам адамға санкциялар салынды, олардың ішінде:

♦ Владимир Путиннің және оның жақын ортасының балалары мен туыстары;

♦ Ресейдің өңірлік және билік өкілдері;

♦ олигархтар және олардың жақын ортасы;

♦ Украина азаматтарын қоса алғанда, ♦ әртістер мен пропагандисттер;

♦ жау жағына өткен әріптестер;

♦ мемлекеттік корпорациялардың жоғары лауазымды тұлғалары;

♦ Ресей қарулы күштері жоғары қолбасшылық құрамының өкілдері;

♦ «ЛХР/ДХР» үкіметтерінің, АР Қырым «билігінің» және Украинаның басып алынған аумағындағы заңсыз қарулы құралымдардың басшыларының өкілдері.

Сонымен қатар, Украинаның уақытша бақылауына кірмейтін аумақтарда халықаралық бақылаушылар ретінде «референдумдарға» қатысқан шетелдік азаматтарға қатысты санкциялар салынды.

«Санкция тізімі әлі кеңейтіледі, бұл туралы, атап айтқанда, жуырда Германияда G7 елдерінің сауда министрлерімен кездесу кезінде айтылды. Сонымен, біз алдағы уақытта да санкциялық әрекеттерді халықаралық серіктестерімізбен үндестіруді жалғастырамыз», — деп атап өтті бірінші вице-премьер, экономика министрі Юлия Свириденко.

Добавить комментарий