36 университеттен педагог мамандығы алынып тасталды

Қазақстанда тиімсіз жұмыс істегені үшін педагогика факультеттері жабылып жатыр. Еліміздің 36 жоғары оқу орнында мұғалім мамандарын оқытуды тоқтатқаны хабарланды.

Қазақстанда кейбір жоғары оқу орындарында педагогикалық факултеттер жабылуда. Атап айтқанда, 36 оқу орнында мұғалім мамандарын оқытуды тоқтатқанын хабарлады.

Педагогтерді даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін қысқарды.

«Жалпы педагогикалық бағыттар бойынша лицензияға 138 қосымша қайтарылды», — деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова атап өткендей, «Болашақта балалармен жұмыс істейтін педагогтердің біліктілік мәселесі біз үшін өте маңызды».

«Мектептердегі оқушыларды өз ісін жақсы көретін мамандар оқытуы керек. Сондықтан бұл мәселеде педагогтерді даярлайтын жоғары оқу орындарының санына емес, олардың жұмыс сапасына баса назар аударған жөн. Ымыраға келу деген болмайды. Елімізде болашақ мұғалімдерді сапалы даярлайтын жоғары оқу орындары бар. Алайда, кейбір университеттердегі тексеру нәтижелері көңіл көншітпейді және университеттердің барлығы бірдей талаптарға сәйкес келе бермейтінін көрсетеді. Министрлік білім беру қызметтерінің сапасын сәйкестендіруге уақыт береді. Егер жоғары оқу орны сапаны жақсарту бойынша жұмыс жүргізбесе, біз қатаң шаралар қабылдаймыз. Атап айтсақ, лицензиядан айырамыз. Мысалы, қазіргі таңда елімізде педагогтерді дайындайтын жоғары оқу орындары аз. Есесіне педагогтерді бәсекеге қабілетті университеттер дайындайды. Уақыт өте келе бұл оң нәтиже береді», — деп түсіндірді ол.

Добавить комментарий