3570 адам коронавирусқа шалдықты

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте Қазақстанда қанша науқас тіркелгенін хабарлады.

26 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 549 адам КВИ-ден (42 100 КВИ+ және 449 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 273 пациент стационарда, 27 276 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 769 адамның жағдайы ауыр;
  • 179 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 113 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бір тәулікте коронавирустан 20 адам қайтыс болды. 2020 жылғы 13 наурыздан бері барлығы 3570 өлім жағдайы тіркелді.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 24 сәуірдегі мәлімет бойынша 25 жаңа жағдай тіркеліп, 4 жағдай өліммен аяқталған. 80 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Ауырғандар — 52 459, өлім жағдайлары — 775, барлығы 51 235 адам жазылып шықты.

Добавить комментарий