31 тамыз күнгі коронавирус бойынша статистика

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 4361 жағдайы тіркелді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен тәулікте елімізде COVID-19 және КВИ белгісі бар пневмонияның 4361 жағдайы тіркелді.

«2020 жылғы 13 наурыз бен 2021 жылғы 30 тамыз аралығында — 789 471 жағдай тіркелді (өткен тәулікте 4322), 9304 адам қайтыс болды (29 тамызда 82); 2020 жылғы 13 наурыз бен 2021 жылғы 29 тамыз аралығында — 69 732 жағдай тіркелді (29 тамызда 39), 4428 адам қайтыс болды (29 тамызда 22)», — делінген сейсенбі күні таратылған хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 113 402 адам коронавирус инфекциясынан (106 538 КВИ+ және 6 864 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 25 582 пациент стационарда, 87 820 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 791 адамның жағдайы ауыр, 475 пациенттің жағдайы өте ауыр, 216 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», — делінген хабарламада.

Ресми деректер бойынша, Қазақстанда 673 629 адам COVID-19-дан сауығып шықты.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 629 678 адам, екінші компонентін 5 365 824 адам алды.

Добавить комментарий