30 жыл ішінде Қазақстаннан миллиардтаған доллар заңсыз шығарылды

Соңғы 30 жылда Қазақстан аумағынан миллиардтаған АҚШ доллары заңсыз шығарылды.

ОКҚ-да өткен брифингте Әділет және ұлттық экономика министрліктерінің басшылары Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаражатты қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

«Шетелден капиталды қайтару бойынша комиссия құрылды. Қазір оларды қайтарудың ықтимал тәсілдері мен әдістері әзірленіп, қарастырылуда. Күрделі мәселе. Бұл үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр», — деді ҚР Әділет министрі Қанат Мусин.

Бұл ретте ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров әңгіме миллиардтаған долларды қайтару туралы болып отырғанын нақтылады.

«Шетелде бірнеше ондаған миллиард доллар бар. Капиталдарды елге қайтарудың түрлі тетіктері кездеседі — салықтық және салықтық емес. Біз салық бойынша екіжақты қараймыз. Бір жағынан — бұл капитал одан әрі шығуының алдын алу.  Біз инвесторлар төлемеген дивидендтер бойынша жеңілдіктерді алып тастаймыз, сәйкесінше, олар бас компанияға ала алады немесе сол жерден қандай да бір қызметтерді сатып ала алады», — деді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, қайтарымды ынталандыру бойынша преференциялар да бар. Олар ҚР Салық кодексіне өзгерістер енгізу бойынша заң жобасында көзделген.

Добавить комментарий