3,8 млн босқын Украинадан көрші елдерге бас сауғалап кетті

Біріккен Ұлттар Ұйымы соңғы жағдайларға байланысты Украинадан көрші елдерге 3,8 миллионнан астам босқын бас сауғалап кеткенін хабарлады.

Атап айтқанда, Польшаға — 2 267 103, Румынияға — 586 942, Молдоваға — 381 395, Венгрияға — 349 107 адам келді.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының (БЖКБ) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 24 ақпан мен 26 наурыз аралығында Украинадан кеткен босқындар саны 3 821 049-ға жетті, Ресей аумағына кеткен және Украинаның неғұрлым қауіпсіз аудандарына эвакуацияланған адамдар тізімге енбеді.

Хабарламада айтылғандай, Польшаға — 2 267 103, Румынияға — 586 942, Молдавияға — 381 395, Венгрияға — 349 107 адам келген.

Добавить комментарий