Кезекті қаржы пирамидасы құру ісі бойынша айып тағылды

Маңғыстау облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің департаменті Ақтауда қаржы пирамидасын құру фактісі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«World Business Consulting» директоры қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді .

Компания қатысушыларға жаңа салымшылардың қаражаты есебінен сыйақы төлеген.

Ақтауда «World Business Consulting» компаниясының директорлары қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық етті деген күдікпен ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қылмыстық істі тергеуді бастады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«World Business Consulting» компаниясы 2018-2022 жылдары аралығында азаматтардың жарналарын қабылдап, тұрақты сыйақы алуға уәде берген.

«Шын мәнінде компанияның заңды кәсіпкерлік қызметтен тұрақты табысы болмады, ал қатысушылардың сыйақысы кейінгі салымшылардың қаражаты есебінен қамтамасыз етілді», — деп хабарлады ведомство.

Аталған қылмыс жасады деген күдікпен «World Business Consulting» компаниясының директоры Жеміс Жүгінбаева ұсталды.

Зардап шеккен «World Business Consulting» салымшылары Маңғыстау облысы бойынша ҚМА департаментіне +7 7292 40 36 59, 8-706-419-76-79 нөмірлеріне хабарласуына болады.

Еске сала кетейік, 2021 жылы Алматыдағы агенттік аталған қаржы пирамидасының  қызметін тоқтатқан. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға World trend Strategies, Confidence World Group, HUBB international, Riviera imperial, Asteco және басқа үлестес компаниялардың инвестициялық жобаларына ақшалай қаражат енгізуді ұсынды.

Добавить комментарий