«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның Саяси кеңесі Бюросының отырысы 28 тамызға ауыстырылғанын хабарлады.
«Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының отырысы 28 тамыз, жұмаға ауыстырылады. Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев сайлауалды бағдарламаны талқылау аясында бюро мүшесі, премьер-министр А.У.Маминге әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау сапасын арттыру, жұмыс орындарын құру және халықтың табысын ынталандыру шараларын күшейтуді тапсырды. Өңірлердегі жастарды қолдаудың нақты тетіктері жеке ұсынылуы тиіс «, — деп жазды Бауыржан Байбек Twitter-де.
Өңірлердегі жастарды қолдаудың нақты тетіктері жеке ұсынылуы тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, Саяси кеңес Бюросы — партияның басқарушы органы. Ол съездер мен саяси кеңес отырыстары арасындағы кезеңде оның жұмысына басшылық жасайды, өзекті әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелерді қарайды, сондай-ақ мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізіміне енгізілгендер арасында депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін айқындайды, партияның саяси кеңесінің отырыстарын шақырады. Сонымен қатар, саяси кеңес бюросы мәжілісте депутаттық фракция құрады.