Қазақстан қор биржасы (KASE) сағат 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 449,14 теңгені құрап, 1,15 теңгеге көтерілгенін хабарлады.
Қытай юанының орташа сараланған бағамы 0,08 теңгеге төмендеп, 64,43 теңге болды.
Еуро және ресей рублі бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк белгілеген — 473,88 теңге, рубль — 5,93 теңге.
Ақша айырбастау пункттерінде долларды 446-450 теңгеден, еуроны 473-478 теңгеден, Ресей рублін 5,65-5,9 теңгеден саудаланды.
Дүйсенбі күні мұнай фьючерстерінің әлемдік бағасы қаржы нарықтарындағы баға белгілеудің жалпы төмендеуі аясында төмендеді.
Астана уақыты бойынша сағат 10:52-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы 0,36%, барреліне 82,52 долларға, WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің бағасы 0,29%-ға, 76,1 долларға дейін төмендейді.