Қазақстанда 2025 жылға дейін 9 су қоймасы салынады

Қазақстанда ұлттық жоба аясында 2025 жылға дейін тоғыз су қоймасы салынады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевті қабылдады. Президентке министрліктің биылғы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары мен даму перспективалары, сондай-ақ Мемлекет басшысының Жолдауы аясында берілген тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы есеп берілді. Серікқали Брекешев Мемлекет басшысына еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар мен су саласын дамыту жоспары туралы баяндады. 2025 жылға дейінгі «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында 9 су қоймасы салынады.

Аталған су қоймалары алты облыста салынады деп жоспарлануда, оның жалпы қаражат көлемі — T1,7 млрд болады.

Фото: Қазақстанда 2025 жылға дейін тоғыз су қоймасын салу жоспарлануда

«Су саласын басқаруды жақсарту және су тапшылығын болдырмау бойынша шаралар қарастырылған. Осы орайда су шаруашылығы комитетінің, аумақтық бассейндік инспекциялардың қызметін күшейту көзделіп отыр», — делінген хабарламада.

«Геология саласын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды», — делінген хабарламада.

«Министрдің айтуынша, жер қойнауына жүргізілетін мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстары жандандырылып жатыр. Шамамен 684 мың шаршы шақырым жер қойнауын зерттеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Ұлттық геологиялық қызмет құрылады. Президентке ауқымды көгалдандыру жұмыстары жөніндегі тапсырманың орындалу барысы туралы есеп берілді. Серікқали Брекешев биыл 62 мың гектар жерге 130 миллион көшет егілгенін айтты. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді», — деп толықтырды Ақорда.

Добавить комментарий