250 мыңға жуық қазақстандық емханасын ауыстырды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан хабарлағандай, биыл емханаларға тіркеу науқаны кезінде алғаш рет екі мың қазақстандық есепке тұрды, тағы 245 азамат бір медициналық мекемеден екіншісіне ауысты.

Науқанға барлығы медициналық-санитарлық алғашқы көмектің 624 нысаны қатысты, олар 13 мыңға жуық учаскеге қызмет көрсетеді. Былтыр науқан 521 медициналық ұйымда қолжетімді болды.

«Бекіту науқанының қорытындысы бойынша, халықтың бөлінуін ескере отырып, медициналық ұйымдарды қаржыландырудың келесі жылға арналған көлемі қалыптастырылады», — делінген хабарламада.

Азаматтар жаңа емханада келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек ала алатынын еске салды. Осы уақытқа дейін олар бұрынғы медициналық мекемеге қаралады.

Добавить комментарий