
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қанша адам коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат жариялады. Алынған мәліметтерге сәйкес, ең көп науқас Алматыда анықталды.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 54 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда — 8,
Алматыда — 38,
Шымкентте — 2,
Ақмола облысында — 1,
Атырау облысында — 1,
Жамбыл облысында — 1,
БҚО — 1,
Қарағанды облысында — 1,
Түркістан облысында — 1.
Елімізде барлығы 1 306 110 жағдай расталды.
Қазақстанда 17 адам коронавирустық инфекциядан жазылып шықты, оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда — 5,
Алматыда — 11,
Павлодар облысында — 1.
Елімізде COVID-19-дан барлығы 1 292 211 адам жазылды.