22 шілдеге арналға ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 2021 жылғы 22 шілдеде Қазақстанда қандай ауа райы күтілетінін айтты. Синоптиктер айтарлықтай өзгеріс болмайды деп отыр.

ҚР аумағында ауа райы өзгеріссіз қалады — атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігіндеөткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыс және шығыста кей жерлерде бұршақ жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады. Еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде бұршақ жауады.

Жамбыл облысында күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, шаңды дауыл тұрады, Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда бұршақ жауады.

Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

«Күндіз Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде ыстық ауа сақталады, облыстардың оңтүстігінде аптап ыстық болады. Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады деп күтіледі», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Добавить комментарий