21 жыл бұрын Краснодар өлкесіндегі колониядан қашып кеткен Қазақстанның тумасы Грузияда ұсталды.
Анықтама үшін! Николай Павлюк 1974 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында дүниеге келген.
Оған Интерпол мен Ресей ІІМ іздеу жариялаған. Осы уақыт ішінде Павлюк Эстонияда, Германияда, Грузияда болды, тіпті Солтүстік Қазақстанда бөтен адамның атын жамылып тұрған.
Қазақстандық БАҚ-тың хабарлауынша, 1999 жылы 29 шілдеде Павлюк Хадыженск қаласындағы колониядан екі сыбайласымен бірге қашып кеткен.
Үш қылмыскер Краснодар өлкесіндегі ИК-9 колониясының күзетшілеріне ақша беріп, сөмкелеріне салып алып шыққан. Екі қашқын көп ұзамай ұсталды: қашқаннан кейін олар жасырынып қана қоймай, екі милиционерді атыс кезінде өлтірген. Содан кейін оларды тұтқынға алып, соттап, қайтадан колонияға жіберген. Ал Павлюкті іздеу жұмыстары жалғасты.
Павлюк қашқаннан кейін бірден Ресейден аумағынан шығып кеткен. Эстонияда жалған төлқұжатпен өмір сүрген. 2004 жылы Германияға анасының жанына көшіп барған.
Осы уақытқа дейін Николай Павлюкті Интерпол іздеу салған, Германияда көлік полициясы ұстаған. Бір таңғаларлығы, Ольденбург қаласында неміс полицейлері ұстаған қылмыскер Ресейге берілмеді, себебі Германия заңы бойынша түрмеден қашу қылмыстық жаза емес… Ол ұсталғаннан кейін бір тәуліктен соң босатылды.
Біраз жыл өткен соң Николай Павлюк жоқ болып және оны іздеу мүмкін болмады. Есесіне Украинаның бұрынғы азаматы Михаил Иванович Уткевич пайда болды, ол 2010 жылы Қазақстан азаматына төлқұжатты еш қиындықсыз ресімдей алды. Және Петропавлда тұрып келді.
Уткевич-Павлюк үйленіп, ұлды болды. Бірнеше жылдан кейін ерлі-зайыптылар ажырасып, қазақстандық әйелі Павлюк-Уткевичтен алимент өндіріп алу үшін сотқа жүгінген.
Осы уақытта бескөлдік қарақшы Грузияға көшіп, онда 5 жылға жуық жасырынған.
Сол уақытта Смоленск облысында Михаил Иванович Уткевич тұрып жатқаны анықталды, ол сотталған, төрт рет төлқұжатын жоғалтқан. Уткевич жоғалтқан төлқұжаттардың бірін бескөлдік қарақшы ұзақ уақыт қолданып келген. Осы уақыттың ішінде олар бір адам болғанына қарамастан, жалған Уткевич пен Павлюк те іздеуде болды.
Павлюк қашқаннан 21 жыл өткен соң, ФҚҚ қызметкерлері оны анықтап, Грузия полициясы ер адамды ұстады. Қазір оны Ресейге экстрадициялау мәселесі, — делінген мәтінде.