21 шілдеден бастап ҮААЖ арқылы жол жүру ақылы болды

2023 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің республикалық маңызы бар «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын» (ҮАААЖ) жалпыға ортақ негізде пайдалану туралы бұйрығы күшіне енді. Аталған бұйрық жолды пайдаланатын барлық көлік құралдарының түріне байланысты тарифтер әртүрлі болады.

Бұйрыққа сәйкес, жол жүру құны жүріп өткен қашықтыққа қарамастан бір сағат құны. Атап айтқанда, жеңіл автокөліктер 0,07 АЕК (241,5 теңге), 16 жолаушы орындығына дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көлітеріне — 0,08 АЕК (276 теңге), ал такси және жүк көтерімділігі 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдеріне — 0,2 АЕК (690 теңге) төлейді.

Сондай-ақ құжатта әр түрлі санаттағы көлік құралдары үшін бір айға және бір жылға абонемент сатып алу мүмкіндігін қарастырылған, бұл жүргізушілерге жиі сапарға шыққанда ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, ҮАААЖ түрік-корей консорциумының негізінде құрылған Қазақстан тарихындағы алғашқы концессиялық жоба болып табылады. Бұл алты жолақты және төрт жолақты учаскелермен жабдықталған заманауи тас жол. Сағатына 110-140 шақырым максималды жылдамдықпен 66 шақырымдық қашықтықты небәрі жарты сағатта жүріп өтуге болады.

Добавить комментарий