2023 жылы «Вагнер» ЖӘК өз қатарына кімдерді тартады: сарапшылардың пікірі

Ресей арнайы операцияны жалғастырып, Украинаның оңтүстік-шығысындағы өңірлерді басып алу үшін қару-жарақ пен тірі күш тапшылығына тап болып отыр. Халықаралық санкцияларды айналып өту үшін зымырандар мен ҰҰА қорларын Иран мен Солтүстік Кореядан жеткізу есебінен толықтыру жоспарлануда, ал мобилизацияға Орталық Азия мен Африка елдерінен шетелдік еріктілер тартылатын болады, деп болжайды әскери сарапшылар.

Ішкі мобилизация жоспарларына қол жеткізу үшін РФ заңнамасына жиі өзгерістер енгізілуде, сондықтан еріктілерді тартуға немесе жеке әскерилендірілген құрылымдар арқылы адамдарды жұмылдыруға баса мән берілуде. «Вагнер» ЖӘК маусым айынан бастап сотталушыларды өз қатарына қоса бастады. Gulagu.Net агенттігінің хабарлауынша, Путин бастапқыда шамамен 20 мың сотталушыны жұмылдырмақ болған, алайда АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мәліметі бойынша, жарты жыл ішінде Пригожин шамамен 40 мың қылмыскерды өз қатарына қосты.

Уикипедиядағы мәлімет бойынша, 2022 жылдың қараша айының басында «Вагнер» ЖӘК жалдамалылары арасында 500 тұтқын қаза тапқаны белгілі болды. Желтоқсан айында Джон Кирби Бахмут түбінде мыңға жуық ЖӘК жауынгері қаза тапқанын, өлген он адамның тоғызы бұрынғы сотталушылар екенін мәлімдеді. Адам шығынының нақты санын бағалау оңайға соқпауда, өйткені адамдардың бір бөлігі УҚК шабуылынан жер жастанып жатыр, ал бір бөлігін «вагнершілердің» өздері бұйрыққа бағынбағаны үшін өлім жазасына кесуде. Украиналық БАҚ беттерінде РФ-ның кадр офицерлері мен ЖӘК-тің тәжірибелі мүшелері мобилизацяланғандарды мәжбүрлеп ұстау және қашқындарды жазалау үшін жауапты бөгеу жасағы мен жазалаушы батальондардың рөлін атқара бастағаны туралы бірнеше рет ақпарат жарияланды.

Оның үстіне, тұтқындарды жалдау тәжірибесі кең тарағаны соншалықты, БАҚ-та Түркіменстандағы бас бостандығынан айыру орындарынан да тұтқындарды жұмылдырып жатқаны туралы бейресми деректер жиі таралуда.

Тұтқындар мен шетел азаматтарын соғыс алаңына жіберу үшін өз қатарына қосу РФ-ға экономикалық тұрғыдан тиімді деп есептейді әскери сарапшылар. Себебі олардың мәртебесі заңды тұрғысынан нақты бекітілмеген немесе мүлдем бекітілмеген (РФ-дағы ЖӘК мәртебесі де қандай екені белгісіз), көптеген жалдамалыларды іс жүзінде жоқ бөлімшелерге тіркеуде немесе жалған ақпарат бере отырып, құжаттарға қол қоюға мәжбүрлейді. Сербия президенті ел азаматтарын Интернет арқылы «Вагнер» ЖӘК-ге белсенді түрде тарту фактісіне наразылық білдіруі бұрын-соңды болмаған жайт болды.

Тұтқындарға рақымшылық пен бұзақылыққа «рұқсат» беруде, ал еңбек мигранттарына жеке күзет фирмаларында жұмысқа тұрғызуға, гуманитарлық миссия бойынша оңай жұмыс немесе басып алынған аумақтарды қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарына тартуға ауызша уәде беруде. Шын мәнінде, уәде етілген азаматтық беру, төлемдер, жарақат алғаны немесе қайтыс болғаны үшін төленетін өтемақы төлеу іс жүзінде мүмкін емес.

Орталық Азия азаматтарына арнайы операциядағы рөлі туралы айтылғандары шындыққа жанаспайтыны желтоқсан айының соңында Луганск облысындағы мобилизацияланғандарды даярлау орталығынан 6 адамның қашып кеткені дәлел. Олардың арасында үш өзбекстандық және бір қырғызстандық болды.

Құқық қорғаушылар Орталық Азия азаматтары соғысқа аттанған жағдайда олардың құқықтары жерге тапталатынын, ал Украина аумағында тұтқынға түсетін болса, халықаралық құқыққа сәйкес, жалдамалы сарбаз болып есептеледі, демек — барлық елдер мен юрисдикцияларда қылмыскер болады.

Добавить комментарий