Еңбек министрлігі келесі жылы қашан және қанша күн демалыс болатынын айтты. Бізді 120 демалыс және мереке күндері күтіп тұр.
Дәстүрлі түрде Қазақстанда ең көп демалыс күндері желтоқсан айында болды. Алайда биылғы жылы ол бұл мәртебесінен айырылды. 2023 жылы қаңтар мен наурыз айларында 12 күн демалыс болады деп күтілуде. Қазақстандықтар ақпан және қараша айларында 8 күн демалады.
2023 жылы мереке күндерінің басым бөлігі аптаның ортасына түседі, сондықтан ұзақ демалыс күндері өте аз болады.
Ең ұзақ демалыс күндері:
қаңтарда Жаңа жылға 3 күн — 1, 2 және 3 қаңтар;
наурыз айында Наурызға 3 күн — 21, 22 және 23 наурыз;
сәуір-мамыр айларында Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн — 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн — 6, 7, 8 және 9 мамыр;
шілдеде жұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан 4 күн демалыс болады — 6, 7, 8 және 9 шілде;
желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн — 16, 17 және 18 желтоқсан, себебі 16-сы сенбіге дөп келеді.
Алдағы жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді, себебі сенбі — 7 қаңтарға дөп келеді. Егер діни мереке сенбіге немесе жексенбіге түссе, демалыс күні берілмейді.
Құрбан айт 2023 жылы 28 маусым, сәрсенбіге сәйкес келеді.