2023 жылдан бастап темекі өнімдеріне акциз өседі

Қазақстанда темекі өнімдеріне акциздің жаңа ставкалары бекітілді. Оларды алдағы үш жыл ішінде кезең-кезеңімен өседі.

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 135-VII ҚР Заңымен Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес темекі өнімдеріне акциз ставкалары кезең-кезеңімен көтеріледі. Ставкалар 2023, 2024 және 2025 жылдарға бекітілді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Фильтрі бар сигареттер:

  • 2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана;

  • 2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана;

  • 2025 жылы — 15 900 теңге /1000 дана.

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгерте отырып, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70 пайыз деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды:

  • 2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана;

  • 2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана;

  • 2025 жылы — 11 130 теңге /1000 дана.

Одан бөлек, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына өзгерістер енгізілді.

  • 2023 жылы – 53 теңге/сұйықтық миллилитріне;

  • 2024 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне;

  • 2025 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне құрайды.

Добавить комментарий