2023 жылғы 3 қаңтар таңертеңгі коронавирус бойынша статистика

Өткен тәулікте коронавирусты жұқтырудың 76 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бір тәулік бұрын 115 адам анықталған, жаңа жылдың бірінші күні Қазақстанда COVID-19-дың 200-ден астам жағдайы тіркелген болатын.

3 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 680 адам коронавирус инфекциясынан (–2 487+ және 193 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 421 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 7 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Добавить комментарий