Қазақстанда соңғы 24 сағаттың ішінде коронавирусты жұқтырудың жаңа 69 жағдайы тіркелді. Пандемия басталғалы бері зертханалық жолмен расталған КВИ жұқтырудың 1 411 315 жағдайы тіркелді. Соңғы 24 сағат ішінде коронавирустан ешкім қайтыс болған жоқ. Пандемия басталғалы бері барлығы 13 848 адам қайтыс болды.
Коронавирустық пневмонияға соңғы 24 сағатта 2 адам шалдықты, ешкім қайтыс болған жоқ. Коронавирустық пневмонияға шалдыққандардың жалпы саны 91 003 адамды құрайды, осы аурудан 5413 адам қайтыс болды.
Қазіргі таңда 1260 адам коронавирустан емделуде (1116 адамда ПТР-тесттің оң нәтиже шықты, 144 адамда теріс нәтиже шықты). Оның ішінде 3 адам ауыр жағдайда жатыр, өте ауыр жағдайда және ӨЖЖ аппараттарында жатқандар жоқ.