2023 жылға арналған АЕК мөлшері аталды

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап ең төменгі есептік көрсеткіш, сондай-ақ 2023 жылғы ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері өзгереді.

Атап айтқанда, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

ең төменгі жалақы мөлшері — 60 000 теңге;

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 3450 теңге (жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлдарды, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін);

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 21 907 теңге;

ең төменгі зейнетақы мөлшері — 53 076 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі — 40 567 теңге.

Сонымен қатар, жасына байланысты және еңбек өтіліне байланысты зейнетақы төлемдерін 10,5%-ға арттыру жоспарлануда.

МӘМС-ке төленетін міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8%-ын құрайды.

Әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден қоспағанда) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы мөлшері 3739 теңгені құрайды.

Заң жобасы 2022 жылғы 8 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылды.

Добавить комментарий