2022 жылы АҚШ-тан Еуропаға СТГ экспорты 2,5 есеге артты

Америкалық сұйытылған табиғи газдың Еуропаға экспорты 2022 жылы 2,5 есеге өсіп, алдын ала деректер бойынша 117,4 млн текше метрге жетті.

Бұл өңірге ресейлік табиғи газдың жеткізілімі қысқаруына байланысты болып отыр. Сонымен қатар АҚШ-тың Қытайға СТГ экспорты қысқарды, бұл Ресейді қоса алғанда, басқа көздерден импортқа ауысуына байланысты болуы мүмкін.

2022 жылы АҚШ мұнайының Еуропаға экспорты 552,5 млн баррельге дейін өсті.

Қытайға жеткізілімдер қысқарды, бірақ Азия-Тынық мұхиты өңірінің басқа елдеріне жеткізілім көлемі ұлғайды.

Жалпы, АҚШ мұнайын жеткізу 2021 жылы 1,17 млрд баррель болды, ал 2022 жылы 1,31 млрд баррельге дейін артты.

Добавить комментарий