2022 жылдың жазына арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер биыл жазда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.

Қазақстандық синоптиктер маусымдық ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Жазғы консультативтік маусымдық болжамға сәйкес, жаздың алғашқы екі айында республиканың батыс жартысында ауа температурасы нормадан жоғары, ал елдің шығыс жартысында — нормаға жақын болады деп болжануда. Тамыз айы салқын болады деп күтілуде — Қазақстанның көптеген облыстарында температуралық фон климаттық норма шегінде болмақ, нормадан жоғары тек Қазақстанның шеткі солтүстігінде ғана болады деп болжанады», — делінген сейсенбіде таратылған ауа райы болжамында.

Маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз болады, республиканың солтүстік-шығыс жартысында, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жаууы ықтимал. Шілде мен тамыз айларында болса керісінше, елдің көп бөлігінде жауын-шашын болады — климаттық нормаға жақын.

Добавить комментарий