Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы еңбек нарығына жүргізілген зерттеудің 2022 жылғы нәтижелерін жариялады. Жыл соңында еңбек министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 132 мыңнан астам жұмыссыз азаматтар тіркелді. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі еңбекке қабілетті халықтың жалпы санының шамамен 1,4%-ын құрады. Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасы бойынша 2022 жылы жұмысқа кірісуге дайын болғандар бойынша жылдық мәндегі көрсеткіш 4,9% құрады.
Қазақстандағы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,3%-ы жалдамалы қызметкерлер, ал 23,7% өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамтылғандар үлесі 65,3% құрады. Жұмыспен қамтылған халықтың ең көп үлесі сауда, білім беру, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында еңбектенді.
Сонымен қатар, Қазақстанда шамамен 458,3 мың жұмыссыз адам бар. 15 пен 28 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8% құрады, жұмыссыз жастардың, яғни білім алумен немесе кәсіби даярлықпен айналыспайтын жастардың үлесі 6,5% құрады.