ІІМ Украина аумағындағы соғыс қимылдары басталғалы бері Қазақстанға Ресей аумағынан қанша этникалық қазақ тұрақты тұруға көшіп кедгенін айтты.
Атап айтқанда, 2022 жылдың наурыз айынан бастап елге 4 мыңға жуық этникалық қазақ келді.
ІІМ 1 наурыздан бастап тұрақты тұруға рұқсат өтініш берген этникалық қазақтардың санын айтты.
Редакцияның сауалына жауап ретінде ІІМ 2022 жылғы 1 наурыздан 1 қарашасына дейін тұрақты тұруға ықтиярхат 3999 этникалық қазаққа берілгенін хабарлады. Этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстаннан көшіп келген — 2267 адам. Екінші орында Ресей — 773 адам. Одан кейін Моңғолия (328), ҚХР (297), Түрікменстан (172), Қырғызстан (39).
Этникалық қазақтар негізінен ірі қалаларға — Шымкентке — 785, Түркістан облысына — 715, Астанаға — 702, Маңғыстауға — 608, Алматы облысына — 526, Алматыға — 326 және басқаларға қоныстанды.
Еске сала кетейік, ІІМ мәліметінше, мобилизация басталғалы бері Қазақстанға 200 мыңнан астам Ресей азаматы келді. Қазан айының ортасында Қазақстанға күніне 8-9 мың Ресей азаматы келсе, ал 10-11 мың азамат кетеді.