2022 жылғы 17 тамызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 2022 жылғы 17 тамызда, сәрсенбі күні ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Жарияланған деректерге сәйкес, еліміздің басым бөлігінде кең ауқымды солтүстік-батыс антициклоны күтілуде. осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райын сақталады, сонымен қатар ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

«Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Күндіз Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Маңғыстау, Атырау облыстарының шығысында аптап ыстық болады.

Ақтөбе облысының батысында күндіз қатты ыстық болады.

«Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігі мен шығысында, Атырау, Ақтөбе, Алматы облыстарының шығысында, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады», — «Қазгидромет» РМК.

Добавить комментарий